Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров вируспен күресу үшін арнайы тапсырма берді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Вирусты таралу себебін анықтау үшін астанадан Түркістанға Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс шұғыл жетті. Қызанақ пен бұрыштан өте қауіпті жоғары патогенді карантиндік вирусы – қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталып отыр. Мұны «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ Алматы аймақтық карантиндік зертханасы растады. ToBRFV – топырақтағы көкөністің қауіпті патогені. Тез таралады. Соңғы екі жылда вирус Еуропа, Азия және Америкада анықталып, қызанақ өндірісін қыруар шығынға батырды.Биыл 4 айда ToBRFV жұқтырған көкөніс өнімдерін (Әзербайжан – 17, Түркіменстан – 19, Иран – 6, ҚХР – 2, Түркия – 8, Өзбекстан – 24) әкелген 76 факті анықталды. Барлық жүк экспорттаушы елдерге кері қайтарылды. Вирус анықталған тауар иелерін жауапқа тартты.