Петропавлда 17 жастағы бойжеткенді қағып, қашып кеткен 63 жастағы ер адам ұсталды  
Петропавлда 17 жастағы бойжеткенді қағып, қашып кеткен 63 жастағы ер адам ұсталды  
5,092
оқылды

Көлік 17 жастағы қызды жаяу жүргіншілер жолында қаққан.

Жол апаты туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазба жариялады. Қызды қағып кеткен жүргізуші тоқтамай, қашып кетуге тырысқанын жарыса жазды. Видеода сол жолда келе жатқан жол апатына куәгер жүргізуші тоқтап, қызды көлігіне отырғызып алып, жол ережесін бұзған көлік иесін қуып жетеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, «Lada – 21154» маркалы көліктің 63 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қала тұрғынын қағып кеткен. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бойжеткен үйіне жіберілді. Жүргізуші ішімдік ішпегені анықталды. Тергеу басталды.