Ораза айында Рамазан, Ислам және Медина есімдері жиі қойылды
Ораза айында Рамазан, Ислам және Медина есімдері жиі қойылды
214
оқылды

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасты. Сол аралықта елімізде дүниеге келген балаларға қандай есім жиі қойылғанын анықтамақ болдық.

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Оразада елімізде дүниеге келген ұл балаларға – Рамазан, ал қыз балаларға Медина есімі жиі қойылған. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы кезеңіндегі ең танымал есімдердің тізімін жариялады.

Мәселен, сәуір айында дүниеге келген 1 175 ұл балаға Рамазан есімі берілген. Жалпы, бұл айда ұлдарға Айсұлтан (388), Әлихан (341), Нұрислам (325) және Амир (212) есімдері жиі қойылыпты.

Ал қыздар арасында сәуірде Медина (585) есімі ең көп қойылған. Ал үздік бестікке Раяна (489), Айша (425), Айлин (397), Айзере (342) есімдері кіреді. Статистика деректері бойынша, мамыр айында жиі берілген есім – Рамазан (510), Айсұлтан (183), Әлихан (178), Нұрислам (156).   Дегенмен бұл айда ұлдарға қойылған үздік 5 есімнің қатарына Алдияр (94) кіріп отыр.

Мамырда қыз балаға есім қоюда алғашқы үздік төрттік өзгермеді. Яғни, Медина (235), Раяна (224), Айша (190), Айлин (175) есімдері жиі қойылған. Бұл айда үздік бестікке Асылым есімі де кірді. Мұндай есім 157 қызға беріліпті.