Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Оның айтуынша, полицейлер 9 кісі өлтіру дерегі ашылды. 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 2 қарақшылық, 40 тонау және 558 ұрлық ашылды.«Бір апта ішінде 3 306 қылмыс жасалған. Оның 2 272-сі бір тәулікте ашылды», – деді Нұрділдә Ораз.
Бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкере болғаны, ұрланған көліктерді бункерге жасырғаны туралы жазған болатынбыз.