Ерейментауда 18 жастағы жігіт суға батып кетті
Ерейментауда 18 жастағы жігіт суға батып кетті
162
оқылды

Ерейментау аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жиенінің көлге түсіп жазым болғаны жайлы жайсыз хабарды Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғыны жеткізген.

Алдын ала жасалған болжамдар бойынша өлім себебі судағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы болған. Полицейлер ауа райы күрт ысып кеткендіктен ресми түрде жағажайлар ашылмаса да жұртшылықтың жақын маңдағы су қоймаларына демалуға асығатынын атап өтті. «Көп жағдайда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады. Осындай қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін әр апта сайын су қоймаларында профилактикалық рейд және мониторинг шаралары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарды су қоймаларында сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне баса мән берген жөн», – дейді полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы