Алматыда Sulpak маңайында заңсыз кесілген ағаштар ісіне қатысты сот үкімі шықты
Алматыда Sulpak маңайында заңсыз кесілген ағаштар ісіне қатысты сот үкімі шықты

Алмалы аудандық соты ЖК өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты істі қарады. Сот ісін ҚК 339-бабы 1-бөлігі «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою» бойынша қарады.

«Сот Жанна Нұртаеваны Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленді», – деді судья.

Бұған дейін Sulpak маңында кесілген ағаштардың Қызыл кітапқа енгені анықталғаны туралы жазған болатынбыз.