Беларусь журналисі өлім жазасына кесілуі мүмкін бе?
Беларусь журналисі өлім жазасына кесілуі мүмкін бе?

Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы жаппай наразылық шерулерінен хабар таратқан Nexta Telegram-арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман Протасевич ұсталды. Бұл туралы оппозициялық саясаткер Светлана Тихановскаяның кеңесшісі Франак Вечерко хабарлады. Журналистің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Ол RyanАir әуе компаниясының ұшағымен Афины–Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан. Беларусьтің төбесінен өте бергенде  ұшаққа мина қойылғаны туралы хабар жеткен. Ұшақ Минскіге МиГ-29 тікұшағының бақылауымен жерге қонған. Жолаушылар лайнерден түсіріліп, әуежайға қайта тексеруге жіберілген. Тексеріс кезінде полиция журналист Роман Протасевичті ұстады. [caption id="attachment_139628" align="aligncenter" width="740"]Беларусь, Минск, Ryanair Фото: TUT.BY[/caption] RyanАir ұшағына мина қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Кейін Беларусь тергеу комитеті ҚК 340-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. [caption id="attachment_139632" align="aligncenter" width="800"]Роман Протасевич, журналист, Беларусь Роман Протасевич, Минсктегі митингтердің бірінде. Фото: Тut.by[/caption] "Азаттық" радиосының мәліметінше, Роман Протасевич кейінгі кездері "Беларусь головного мозга" Telegram-арнасын жүргізіп келген. Ал оған дейін жүргізген Nexta арнасы халықты былтыр тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейін басталып, алты айдан астам уақытқа созылған наразылық шерулеріне шақырған. Республика билігі бұл Telegram-арнасын экстремистік медиа деп таныған. Роман Протасевичтің өзі және Nexta арнасының тағы бір авторы Степан Путило терроризмге қатысы бар адамдар тізіміне еніп, оларға іздеу жариялаған. Ол бірнеше жыл бұрын қауіпсіздік мақсатында Беларусьтен кетіп қалған, бүгінге дейін Польшада тұрған. [caption id="attachment_139633" align="aligncenter" width="900"]Роман Протасевич пен Степан Путило Роман Протасевич пен Степан Путило[/caption] Кейбір БАҚ Роман Протасевичті өлім жазасына кесуі мүмкін деп жазды. Бірақ қазіргі тағылған айыптарға қарағанда, оған "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" (15 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және "Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған топтық іс-әрекеттер ұйымдастыру" (үш жылға дейін бас бостандығынан айыру) баптары бойынша айып тағылған. Сонымен бірге журналистің үстінен "кәсіпке қатысты негізде әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер" жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған (ең жоғарғы жаза - 12 жыл). Айта кетейік, 2020 жылы Беларусьте ешкім өлім жазасына кесілмеген. "Азаттық" радиосының мәліметінше, 1994 жылдан бері билікте отырған Александр Лукашенко 2020 жылы президент сайлауында жеңіске жетті деп хабарланған соң елде жаппай наразылық басталды. Содан бері билік 30 мыңнан астам адамды ұстап, жүздеген адамды ұрып-соқты, журналистерді қудалай бастады.