Бүгін, 24 мамыр - Димаш Құдайбергеннің туған күні. 27 жасқа толған әнші қазақтың атын әлемге танытып, ғажайып дауысымен тыңдарманын тәнті етті. Халықаралық ән байқауларының жеңімпазын дүниенің әр түкпіріндегі жанкүйерлері құттықтап жатыр. Осыған байланыста Димаш жайында 7 қызық жайтты топтастырдық.
https://www.youtube.com/watch?v=xqWIctqJ4bg&t=908s&ab_channel=DimashQudaibergen Димаштың құжаттағы есімі – Дінмұхаммед Құдайберген. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде әнші Қанат пен Светлана Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі болған Димаш, кішкентай кезінен солардың бауырында өскен. Оның үстіне Миуа әжесі өз уақытында белгілі әнші болған екен. Ал атасы Құдайберген болса домбыра ойнайды. Осыдан-ақ жас таланттың әншілік жолы қанында барын байқауға болады.Елімізде 2017 жылы құрылған «Dimash Salem» деп аталатын әншінің фан-тобы бар. Қазір топтың әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасына 3,5 миллионнан адам жазылған. Олар Димаш десе, ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер әншінің гастрольдік сапарын қалыс қалдырмайды. Негізі әлемнің 150-ден аса елінде Димаш Құдайбергенге рухани қолдау көрсететін 200-ден аса фан-топ ашылған. Тіпті, отандасымыздың өнеріне тұрақты қолдау көрсететін телеарналар мен радиолар бар. Мысалы, польшалық радио Димаштың әндерін әуе толқынында әуелетіп, әншінің өмірі мен Қазақстан туралы әртүрлі бағдарламалар жүргізеді екен. Ал Чили Республикасында отандасымызды тәулік бойы көрсететін телеарна жұмыс істейді.Сонымен қатар Димаш Құдайберген өзінің досы Дамир Мураттимен серіктес болып, өзінің брендімен шоколад пен шай шығарды. Ол өнімдер бізде ғана емес, Еуропа мен Америкада да танымалдыққа жетті.