Бүгін белгісіз біреулердің жарылғыш зат қойылғаны туралы білім беру мекемелерінің электронды пошталарына хат жолдағаны туралы полицияның «102» арнасына бірнеше шақырту келіп түскен, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұрайды.