Түркістан облысында банк қызметкері үш жарымға жылға сотталды
Түркістан облысында банк қызметкері үш жарымға жылға сотталды
Polisia.kz мәліметі бойынша, Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізген. Олар банктен несие алып, сол несиелерін бірнеше жылдан кейін өтеп болған сәтте қайтадан қарыз болып шыққанын айтқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Түлкібас АПБ-нің тергеушісі күдіктінің 2018-2019 жылдар аралығында аудандағы белгілі бір банктың филиалында менеджер болып қызмет атқарып, несие алуға келген тұрғындарға несие рәсімдеу кезінде алаяқтық жасағанын анықтады. Яғни күдікті жігіт заң аясында несие алу үшін түзілетін бір келісімшарттың орнына екеуін қолдан жасап, бірінде тұрғынға арналған соманы, ал екіншісінде тұрғынның алатын несиесінің үстінен өзіне керекті қаржыны қосып көрсетіп, өзінің айласын іске асырған.
Бұл жайтты тұрғындар несиелерін төлеп біткен сәтте білген. Себебі қарыздан құтылдық деп есептеген тұрғындарға, банктен қайтадан несие әлі жабылмады, қарызыңыз бар деген хабарлама келген. Полицейлердің қырағылығының арқасында алаяқтық жасаған банк қызметкерінің жалпы 11 тұрғынды осылай алдағаны, шығын көлемі 8 миллион теңгеге жуық соманы құрағаны расталды.