Көкшетауда табылған қыздар тағы да жоғалып кеткен
Көкшетауда табылған қыздар тағы да жоғалып кеткен
102
оқылды
Көкшетауда жоғалып кеткен екі студент қыз іздестіріліп жатыр. Олар осыған дейін де бір рет жоғалып, полиция тапқан болатын, деп хабарлайды Inform.kz.
«Мамырдың 23-де сағат 20:59 кезінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, мамырдың 20-да кәмелет жасына толмаған 27 қыркүйек 2005 жылы туған сіңілісі Елена Александровна Борзун 9 қаңтар 2004 жылы туған құрбысы Марина Андреевна Прозеревамен бірге колледж жатақханасынан кетіп қалған. Содан бері олардың қайда жүргені белгісіз», – деді ведомстводан.
Студенттер биылғы мамырдың 19-да колледжден қашып, кейін арада 7 күн өткен соң туыстарына қайтып келген болатын. Қазіргі кезде олардың қайда екенін анықтау үшін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр