Бокстан Азия чемпионатында жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіліс тапты
Бокстан Азия чемпионатында жерлесіміз төрешілер шешімімен жеңіліс тапты
118
оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан Азия чемпионаты Қазақстан командасы үшін сәтсіз басталды. Өкінішке қарай, 56 келідегі Махмұд Сабырхан төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Сабырхан бірінші айналымда Үндістан өкілі Мохаммад Хуссам Уддинмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен өткеніне қарамастан, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті үнділік спортшыға берді. Осылайша, Қазақстан командасындағы жүлдеден үмітті боксшылардың бірі турнирді бірінші айналымда аяқтады. Қазақ боксшы келесі айналымға өткен жағдайда, келесі айқасында 2019 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасатын еді