Нұрдәулет – асықтан жарыс жеңімпазы
Нұрдәулет – асықтан жарыс жеңімпазы
155
оқылды

Көкшетауда асық атудан Ұлттық мектеп лигасы өтті. Қарағанды облысының 8-сынып оқушысы жеңімпаз атанды.

Сайысқа 7-8-сыныптар ара­сын­да барлығы 50 оқушы, оның ішінде Қарағанды облысынан 6 адам қатысты. Турнирде үздік ойынымен көзге түскен Абай ауданының 8-сынып оқушысы Нұрдәулет Есімов «Алтын сақа» сыйлығының иегері атанды. Бұл жүлде ең жақсы ойыншыға бе­ріледі. Өз кезегінде жарыс жеңім­пазын Асық ату республикалық федерациясының вице-пре­зиденті Жомарт Сабыржанов марапаттап, жеңімпазды жүлдесі­мен құттықтады. 14 жастағы Нұрдәулет Абай ауданы Құлайғыр ауылының «Топар» жалпы білім беретін мектебінде оқиды. Асық ойнаумен 8 жасынан бастап айналысатын оқушыны денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Рахметов жаттықтырады. Айта кетейік, Нұрдәулет асық атудан аудандық және облыстық жарыстардың жеңімпазы.  

А.ЖАСАН