Бублик әлемде 37-орында
Бублик әлемде 37-орында
122
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңадан жарияланған әлемдік рейтингте 37-орынға көте­рілді.

Қазақстан теннис федерация­сы мәлім еткендей, бұл осыған дейін 38-сатыда болған Бубликтің рекордтық көрсеткіші саналады. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 100-ден 105-ке, ал Дмитрий Попко 193-тен 194-орын­ға түсті. Әйелдер арасында Қазақстан­ның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22 орынға жайғасса, Зарина Дияс рейтингтегі 93-ор­нын сақтап қалды. Ал Юлия Пу­тин­цева 35-тен 43-сатыға сыр­ғыды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ