Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңадан жарияланған әлемдік рейтингте 37-орынға көтерілді.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бұл осыған дейін 38-сатыда болған Бубликтің рекордтық көрсеткіші саналады. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 100-ден 105-ке, ал Дмитрий Попко 193-тен 194-орынға түсті. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22 орынға жайғасса, Зарина Дияс рейтингтегі 93-орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева 35-тен 43-сатыға сырғыды.А.ЖАСАНҰЛЫ