25 мамырға арналған ауа райы болжамы
25 мамырға арналған ауа райы болжамы
112
оқылды

Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында өрт қаупі бар.