Сатаев жаңа қызметке тағайындалды
Сатаев жаңа қызметке тағайындалды
152
оқылды

Приозёрск қаласының әкімі лауазымына Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сапар Сатаев тағайындалды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Приозёрск активіне қаланың жаңа басшысын таныстырды.   [caption id="attachment_139859" align="aligncenter" width="800"]Сатаев Фото: www.gov.kz[/caption] Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. «Қазақавтожолда» жұмыс істеді, «Ботақара су қожалығы» КМҚК директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы болды. 2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте, бұған дейін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кентін басқарған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. 2015 жылдан бүгінгі таңға дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.