Вакцина алғандарға демалыс, сауда-ойын-сауық орталықтарында жеңілдік көп
Вакцина алғандарға демалыс, сауда-ойын-сауық орталықтарында жеңілдік көп

Акцияны Бостандық ауданы әкімдігі мен «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға ынталандыру. Акция барысында кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтерге түрлі жеңілдіктер ұсынады. Тұрғындар вакциналану паспортын көрсету арқылы түрлі тауарлар мен қызмет көрсетуге белгіленген жеңілдіктерді ала алады. Бұл жобаға Бостандық ауданының кәсіпкерлік нысандары қатысады. Атап айтқанда, «KINOPARK 5» кинотеатры, (Тимирязев көшесі, 42) «Atakent Mall» ОСО – 20% жеңілдік; «Вrooklyn fitness gym» фитнес орталығы, («Керемет» шағынауданы, 7)  – жеңілдік 20%; «Траснформа» перформативтік өнер театры, (Байзақов көшесі, 280) – 5% жеңілдік; «Almaty Doner» қоғамдық тамақтану орны, (Абай даңғылы, 34) – 10% жеңілдік; «GAME ON» компьютерлық клубтар желісі, («Керемет» шағынауданы, 7); (Розыбакиев көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі, 27/5, блок 1) – 20% жеңілдік; «Coffee and parfait bar» кофейнясы, («Esentai Mall» ОСО, 4-қабат) – 20% жеңілдік; «Асем тау» демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) – 10% жеңілдік; «Tsarskaya» қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көшесі, 187) – 10% жеңілдік; «METRO» ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке), (Жандосов көшесі, 2б) – 10% жеңілдік. Осылайша, кәсіпкерлер коронавируспен қарсы күреске өз үлесін қоспақ.