Оқиға кеше кешке болды. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төбесінде балалармен ойнап, үлкендердің қарауынсыз болған 2009 жылғы бала абайсызда бетонның жалғанған (ені – 60 см., ұзындығы – 17 м.) жерінен (қатар тұрған екі бөлек тұрғын үйдің қабырғасын қосатын) құлап кетті. Оқыс оқиға салдарынан бала қайтыс болды, – деді құтқарушылар.
Куәгерлердің айтуынша, онымен бірге екі қыз да болған. Бірақ олардың салмағы құлап кеткен баладан аз болған.https://www.instagram.com/Посмотреть эту публикацию в Instagram