Астанада соңғы қоңырау қалай өтті? - Фоторепортаж
Астанада соңғы қоңырау қалай өтті? - Фоторепортаж
509
оқылды

Бүгін Қазақстан мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды. Биыл соңғы қоңырау шарасына 9 бен 11-сынып оқушыларының қатысуымен санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат берілді. Aikyn.kz тілшілері Нұр-Сұлтан мектептерінде өткен соңғы қоңырауға қатысып, жас түлектер мен ата-аналарымен әңгімелесіп қайтты.

Нұр-Сұлтан мектептерінде соңғы қоңырау әр сыныпқа кезекпен өтіп жатыр. Мерекелік шара 10.00-де басталып, 45 минут болады. Екі сыныптың бітіру шарасы арасында 30 минут үзіліс болады. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясындағы соңғы қоңырауға тек 11-сынып оқушылары қатысты. Әр оқушының отбасынан тек бір адам келуіне рұқсат етілген.  width=  width= Мектептегі соңғы жылының көп бөлігін онлайн оқып, сыныптастарымен соңғы қоңырауда көріскен бітірушілердің биылғы оқу жылы туралы және болашаққа жоспары туралы сұрадық. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының түлегі Ердәулет Шайқасым бүгін Нұр-Сұлтанның Білім басқармасы басшысының қолынан Абай сыйлығын алды. [caption id="attachment_139953" align="aligncenter" width="1200"]Ердәулет Шайқасым, түлек 2021 Ердәулет Шайқасым. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] "11 жыл оқыған мектебімізбен қоштасып жатырмыз. Бұл күн - мектеп бітіруші әр түлектің есінде мәңгі сақталатын күн, сондықтан соңғы қоңыраудың да орны біз үшін ерекше. Бізге басында соңғы қоңырау болмайды дегенде, сабақ оқуға зауқымыз болмай, көңіл-күйіміз қатты түсіп еді. Қуанышымызға орай, өткізуге рұқсат берді. ҰБТ-да бейінді пәндерден математика және географияны таңдадым. Л. Гумелев университеті ЕҰУ-не Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығына оқуға түскім келеді, тестке қызу дайындық жүріп жатыр, мақсат - грантқа түсу", - дейді үздік аттестат иегері Ердәулет Шайқасым. Ал Лаура Рахимбаева былтыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітіріп, алғашқы еңбек жолын осы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясынан бастаған. Қазір 5-сыныптың сынып жетекшісі. [caption id="attachment_139959" align="aligncenter" width="1200"]Лаура Рахимбаева, мұғалім Лаура Рахимбаева. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] "Алғашқы ұстаздық қызметімді онлайн форматта сабақ беруден бастадым. Басында көп нәрсе түсініксіз болды. Кейін осы мектептегі тәжірибелі ұстаздардың, мектеп әкімшілігінің арқасында жылдам үйрендім. Қашықтан оқыса да оқушыларымды жақсы танимын. Менің сыныбым қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқиды. Бұл пәнді қашықтан оқыту аса қиын болмады. Биыл сыныптың үлгерімі 88% болды.  Тек математика, физика сияқты пәндерден қиындықтар болды. Оның орнын толтыру үшін жазғы мектеп ашылады. Офлайн өтеді. Әр сыныпта 15 оқушыдан артық адам болмайды. Жазғы мектепте сабақ болып қана қоймай, лагерь сияқты форматта өткізіледі. 11-сыныптан басқалардың соңғы қоңырауы онлайн өтті. Онда ашық тәрбие сағатын өткізіп, үздік оқушыларымызды қашықтан марапаттадық. Ата-аналарға да алғыс хат табыстадық, - дейді Лаура Рахимбаева. Рашат Каримовтың тұңғышы мектеп бітіріп жатыр. Ол келесі жылы ұлы бітіргенде, бәрі бұрынғы қалпына келеді деген үмітте. [caption id="attachment_139962" align="aligncenter" width="1200"]Рашат Каримов отбасымен Рашат Каримов отбасымен. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] "Қызым IT саласын таңдап отыр. Алматы немесе Нұр-Сұлтандағы ЖОО-лардың біріне тапсырады. Бүгін соңғы қоңырау мерекесі деп сынып жетекшісіне гүл сыйламақшымыз. Гүл беруге болмайды деп шектеп жатыр. Қазақ болғасын, бұл қалмайды ғой. Мұғалімдер оқушылардың көзін ашты, еңбектері көп, соны бағалай білу керек. Соңғы қоңырау былтырға қарағанда, биыл жақсы болып жатыр. Ұлым 10-сыныпты бітірді. Ол стамотолог болғысы келеді, дайындалып жүр. Келесі жылы бәрі қалпына келетін шығар деген үміттемін. Бұрын таңның атуын күтіп, кеш ұйымдастыратын едік, биыл бәріне шектеу қойды. Заманның ағымына қарай көнеміз, заңнана асып кете алмаймыз", - дейді ата-ана. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Жанар Дұғалова да келді. [caption id="attachment_139967" align="aligncenter" width="1200"]Жанар Дұғалова Жанар Дұғалова. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] [caption id="attachment_139968" align="aligncenter" width="1200"]Жанар Дұғалова Жанар Дұғалова. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] [caption id="attachment_139969" align="aligncenter" width="1200"]Жанар Дұғалова Жанар Дұғалова. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] "Өзім де Павлодарда Абай Құнанбайұлы атындағы №10 орта мектепте 9-сыныпқа дейін оқыдым. Кейін колледжге түстім. Қазір АҚШ-тың Лос Анджелес қаласында тұрып жатырмын. Режиссер мамандығы бойынша оқу бітіріп жатырмын. Болашақта Голливудте фильмдер түсіремін деген мақсатым бар. Түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтаймын! Өздеріңіз таңдаған мамандық иесі және ата-аналарыңыздың мақтанышы болыңыздар. Бұл күн - сіздер үшін тарихи күн. Абай атамыздай дана, ұлы тұлға болыңыздар", - деді әнші Aikyn.kz-ке.  width=  width=  width=

№66 мектеп-лицейі үшін биылғы соңғы қоңырау - тарихи күн. Мектеп-лицейі ашылған жылы бірінші сыныпқа барған оқушылар биыл бітіріп жатыр.

[caption id="attachment_139981" align="aligncenter" width="1200"]№66 мектеп-лицейі №66 мектеп-лицейі. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption]  width=  width= Біз №66 мектеп-лицейіне барғанымызда соңғы қоңыраудың екінші легіне дайындық жүріп жатты. Ондағы ата-аналарға арналған орында көңілсіз тұрған ата-ананы әңгімеге тарттық. "Осы мектепті екі қызым бітіріп кетті, солардың кезіндегі соңғы қоңырауды есіме түсіріп, қазіргімен салыстырып, көңілім түсіп тұр. Соңғы қоңырауды бүкіл мектеп болып атап өтсе, әдемі болар еді. Қазір бір ғана сынып, бір-бір ата-ана қатысып жатыр. Ұстазға гүл беруге де болмайды. Бірақ бұл күнімізге де шүкір. Қызым мектептегі соңғы қоңырауын сыныбымен өткізіп жатыр. Осы мектеп 2010 жылы желтоқсанда ашылып еді, онда қызым бірінші сыныбының үшінші тоқсанында ауысты. Қазір ҰБТ-ға дайындалып жатыр, біріншісінен 111 балл алды. Шетелдік ЖОО-ға тапсырамыз деп едік, қазір карантинге байланысты ешқайда бара алмаймыз, еліміздегі ЖОО-ның біріне тапсырамыз. Еліміздің туризм саласын дамытқысы келеді, сол салаға барады", - деді аты-жөнін айтқысы келмеген ата-ана. №66 мектеп-лицейінің түлегі Жәнібек Талғатұлы соңғы сәтке дейін соңғы қоңырау болатынына сенбегенін айтады. [caption id="attachment_139970" align="aligncenter" width="1200"]Жәнібек Талғатұлы, түлек 2021 Жәнібек Талғатұлы. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption]  width=  width=  width= "Бір жыл бойы үйде тығылып отырдық. Соңғы вальсімізді де билей алмадық, рұқсат бермеді. Әлі мамандық таңдамадым, бірақ таңдаған бейіндік пәндерім - физика мен математика. Сондықтан техникалық мамандықта оқимын. Шетелде оқуға мүмкіндігім болса да, елімде оқимын деген шешім қабылдадым", - дейді жас түлек. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Бейсекованың айтуынша, биыл бұл мектепті 129 түлек бітіреді. Оның 10-ы "Алтын белгі" иегері. [caption id="attachment_139971" align="aligncenter" width="1200"]Толқын Бейсекова Толқын Бейсекова. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] "Әр сыныпты жеке-жеке бөліп өткізіп жатырмыз. Әр сыныптан бір ғана ата-анадан келу рұқсат етілді. Қазір екі легін өткіздік, енді екі легі қалды. Сағат 14.00-ге дейін өтеді", - дейді ол. Дзюдодан халықаралық деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Республика чемпионы Әділ Адуахатов мектебін қимай тұрғанын айтты.   [caption id="attachment_139972" align="aligncenter" width="1200"]Әділ Адуахатов Әділ Адуахатов. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption] [caption id="attachment_139974" align="aligncenter" width="1200"]Әділ Адуахатов мемлекеттік Туды ұстап тұр Әділ Адуахатов мемлекеттік Туды ұстап тұр. Фото: Жұмабек Айқынұлы[/caption]  width= "Биыл сабақты онлайн өттік, мектепті қимай тұрмыз. ҰБТ-ны 16 маусымда тапсырамын, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын таңдадым. Түркияда оқимын деп ойлағанмын, болмаса Еуразия ұлттық университетіне тапсырамын. Әділ Адуахатовтың анасының айтуынша, бүгін соңғы қоңырау екені аса қатты сезілмеді. "Қазір Бәйтерекке барып шар ұшыратын шығармыз. Биыл көп нәрсеге тыйым салды ғой", - дейді ол.  width= Айта кетейік, биыл Білім және ғылым министрлігі соңғы қоңырау соғылған соң жаппай жиналып мейрамхана, дәмханаға баруға тыйым салған. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2020-2021 оқу жылын 3,4 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның 150 мыңға жуығы 11 (12) сынып түлегі. Оның ішінде 9 822 оқушы "Алтын белгіге" үміткер. Айта кетейік,былтыр мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы 3-4 маусымда өтті. Ал 1-ден 10-ға дейінгі сынып оқушылары мектеппен онлайн режимде қоштасқан болатын. Осы жылы қазақстандық оқушылар 26 мамырдан бастап жазғы демалысқа шығады. Мамырдың соңында жазғы мектептер ашылады, ол жерде қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар олқылықтың орнын толтыра алады. Ол 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Мектеп тегін болады және үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепке қатысқысы келген кез келген оқушының ата-анасы өтініш жазуы керек.