Халі мүшкіл Жұлдыз Нұрғалиеваны санавиациямен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілген.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың айтуынша, Жұлдыз Нұрғалиева 27 сәуірден 24 мамырға дейін ауруханада жатқан. Босанған әйел кеше ауруханадан шығарылды.«Талдықорғандағы перинаталды орталыққа ауыр халде түскен. Өкпесі 95 пайызға дейін қабынған жүкті әйелге дер кезінде кесарь тілігі жасалды. Операциядан соң ана мен бала дәрігерлердің қадағалауында болды», – деді дәрігерлер.
Бұған дейін Ақтөбеде дені сау әйел 4 жарым келі баласын босанып, перзентханада қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.