Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны сотталды
Анасын ұрып өлтірген Риддер тұрғыны сотталды
129
оқылды

Риддер қаласында анасын ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Риддер қалалық соты хабарлады.

«Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған) сәйкес қаралған қылмыстық іске нүкте қойылды. Былтыр 30 қараша күні ішімдік ішкен күдікті анасын ұрып-соққан. Ауыр соққы салдарынан ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған әйел адам көз жұмды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады» делінген ресми хабарламада.

Сот үкімімен күдікті 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.