UFC-дегі төртінші жеңісі үшін Дамир Исмагулов қанша гонорар алды?
UFC-дегі төртінші жеңісі үшін Дамир Исмагулов қанша гонорар алды?
150
оқылды

Ұлты қазақ, ресейлік жекпе-жек шебері Дамир Исмагуловтың UFC алаңындағы төртінші жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады.

Бәсекеге келісіп, шыққаны үшін Исмагулов 20000 АҚШ долларын, жеңісі үшін тағы да сондай сома алды. Сондай-ақ UFC ынталандыру мақсатында 4500 доллар қосымша төледі. Естеріңізге салсақ, Дамир Исмагулов бразилиялық файтер Рафаэл Алвестан басым түсіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Төрешілер шешімімен ол үш раундта да жеңімпаз атанды. https://youtu.be/kiWeEU9xwRQ