Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты болжамды жариялады.
"Пессимистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі, кем дегенде, 60% болады, 2021 жылғы маусым - қыркүйекте тіркелген науқастар саны 95 мыңға жуық болады. Екінші, реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80% болады, сонда 2021 жылғы маусым - қыркүйекте тіркелген науқастар саны шамамен 69 мыңға жетеді. Ал оптимистік сценарийде вакциналаудың тиімділігі, кем дегенде, 95% көрсетіп, 2021 жылдың маусым - қыркүйек айларында тіркелген науқастар саны шамамен 61 мың болады", - деді Цой Үкімет отырысында.Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсендігіне тікелей байланысты екенін айтты.