Елімізде селфиге түсіп, қаза тапқан жеткіншектер
Елімізде селфиге түсіп, қаза тапқан жеткіншектер
170
оқылды

Кеше Солтүстік Қазақстан облысында селфи жасап, суретке түсеміз деген екі қыз суға батып, қайтыс болды. Байқасаңыз, соңғы кездері елімізде селфи жасамақ болып, қаза тапқандардың саны көбейіп жатыр. Бұған дейін ондай жағдайлар тек өзге мемлекеттерде болатындай көрінетін. Бүгінде біз де олардың кебін кигелі тұрмыз. Тіпті, адамның селфиге түспек болып, көз жұмғаны қалыпты нәрсеге айналып бара жатқандай...

Солтүстік Қазақстан облысындағы қайғылы жағдай «Сосновый бор» демалыс аумағының маңында болған. Екеуі де Есіл өзеніне ағып кеткен.  СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, Есіл өзенінің жағасында тұрып, 12 студент пен олардың кураторы суретке түседі. Кейін студенттің бірі кураторымен қалып, селфи жасамақ болады. Сол кезде аяқтары тайып кетіп, суға түсіп кеткен. Сол кезде қатты ағын су қыздарды бірден ағызып әкеткен. Суға кеткендердің бірі – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 4 курс студенті, ал екіншісі топ жетекшісі екен. Құтқарушылар олардың денелерін Есіл өзенінен тереңдігі жеті метр жерден алып шыққан. 20 жастағы студенттің колледжді бітіруіне бір ақ ай қалған екен. Ал 27 жастағы топ кураторы небәрі бір жарым жыл ұстаздық еткен. [caption id="attachment_140462" align="alignnone" width="1024"]селфи ©www.dv.kp.ru/daily[/caption]

Еліміздегі бұл бірінші жағдай емес. Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз мерт болды. Ол түн ортасында пойыз жолында ерекше суретке түспек болған. Оқиға 2019 жылғы 4 желтоқсан күні сағат түнгі он бір кезінде болған. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Авиа қалашық ауданында екі қыз селфи жасағысы келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз қағып кетті. 2000 жылы туған бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Алайда таң ата көз жұмды.

Департаменттің дерегінше, жас жеткіншектер арасында оқыс оқиға көбейіп кеткен. 2017 жылдың маусым және тамыз айларында төрт кәмелетке толмаған бала селфи жасау үшін вагонның үстіне шыққан. Оларды ток соғып, біреуі қаза тапқан. [caption id="attachment_140463" align="alignnone" width="1049"]селфи ©korrespondent.ne[/caption] Осыдан үш жыл бұрын Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен жеткіншектің мүрдесі табылған.  №23 мектептің директоры Нүркен Ашықбаевтың сөзінше, жеткіншек кездейсоқ қайтыс болған. 7-сыныпта оқитын қыз арқанмен селфи жасамақ болған екен. Оқушының оқу үлгерімі қанағаттанарлықтай болған. Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген.

«Ол өзіне қол жұмсағысы келмеген, хабарлама арқылы анықтадық. Қыздың қалтасынан қайшы табылды, қолында телефон болған. Кейін арқаннан босағысы келіп бұлқынғанда телефоны түсіп қалған», - деді мектеп директоры.

Жетінші сынып оқушысына арқанмен селфи жасап, кейін қайшымен дереу қиюды осы мектептің сегізінші сынып оқушысы айтқан. Олар бір-біріне үздіксіз жалғыздық, түсініспеушілік және суицид жайлы хабарлама жазысып, өзінің де солай жасағанын айтқан. «Қыз болса, соған сеніп, өзі де істеп көрмек болған» дейді білім бөлімінің өкілі. [caption id="attachment_140464" align="alignnone" width="1024"]селфи ©www.cheltv.ru[/caption] Сөйтіп, жетінші сынып оқушысы пәтерде әкесі мен ортаншы ағасы жоқта істеген. Сол уақытта әкесі ұлын спорт секциясына жаттығуға алып кеткен. Анасы үш жастағы баласын ұйықтатып жатқан. Жатын бөлмеде жалғыз қалған жеткіншек қалтасына қайшыны салып, ұялы телефонының камерасын қосқан. Кейін жаттығудан келген ағасы қыздың өлі денесін тапқан.

Мысалы, сол жылдың 8 маусымында Талдықорғанда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай құрылысы бітпеген нысанда болған. Ресми мәлімет бойынша, жасөспірім құрылыс орнында селфи жасап, өзін-өзі суретке түсірмек болған. Бірақ абайсызда құлап кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Жалпы, 16 мен 25 жас аралығындағы қыз балалар аптасына селфи жасауға бес сағатты жұмсайды екен. Ал орта есеппен әлемде күніне 93 миллион селфи түсіріледі. Оның қаншасы жазым болатыны белгісіз. Үндістанның ғылыми медициналық институтының зерттеуінше, бес жылдың ішінде әлемде 259 адам селфиден қайтыс болды. Негізінен 30 жасқа толмаған жастар екен. Суретке көп түсетін қыз-келіншектер болғанымен, қаза тапқанның 72 пайызы – ер-азаматтар. Оқыс жағдай көп тіркелген елдер – Ресей, АҚШ және Пәкістан. Бұл зерттеушілердің үш жыл бұрынғы көрсеткіші. Одан бері өлім саны көбеймесе, ештеңе өзгерген жоқ.