Нұр-Сұлтанда Есілге секірген қыз құтқарылды
Нұр-Сұлтанда Есілге секірген қыз құтқарылды

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Есіл өзеніне секіріп, өзіне қол салғысы келген қызды құтқарып қалды.

Оқиға 25 мамыр күні, сағат 13.30 шамасында Нұр-Сұлтан қаласының ортасындағы Есіл өзенінің бойында болды. Адам тығыз орналасқан аудан болғанына қарамастан ешкім судың бойындағы өзін ерсі ұстаған қызға көңіл бөлмеген. Бойжеткен күтпеген жағдайда суға секіріп кеткен. Мұны жақын маңда жүрген елордалық ұландықтар байқап, тез арада құтқаруға кіріскен. Әскери жасақ бастығы, қатардағы Илья Мащенко және патрульшілер - қатардағы  Артем Григорьев пен Эрик Косян өзен бойында қызметте жүріп, қыздың суға секірген сәтін көріп қалған. Жағдайды бағамдаған әскери жасақ лезде қызға көмектесіп, қатардағы жауынгер Эрик Косян суға секіріп, бойжеткенді алып шығады. Жағдайды нақтылай келгенде, 1995 жылы туған азаматша психологта тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Бойжеткеннің өз-өзіне неліктен қол жұмсағысы келгені белгісіз. Жоғары басшылық тарапынан әскери қызметшілер мадақтамаға ұсынылды.