Көлігінің нөмірін алып тастап, көңіл көтерген түлектер ұсталды
Көлігінің нөмірін алып тастап, көңіл көтерген түлектер ұсталды
141
оқылды
Алматы облысында мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізген түлектер ұсталды. Төрт көлік  айып тұрағына қойылды.  Көшеде көліктің терезесінен шығып, өміріне қауіп төндірген Жамбыл ауданының 17 - 22 жас аралығындағы тұрғындары екені белгілі болды. Полицияның мәліметі бойынша,  олар колледж түлектері. «25 мамыр күні әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 4 автокөліктің Алматы - Бішкек тас жолында жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Полиция оларды анықтап, ұстады. Төрт көлік айып тұрағына қойылды. Оның екі жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларға бірден әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы, осы іс бойынша 15 хаттама толтырылды. Оның ішінде көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізу де бар», – делінген ведомство таратқан хабарламада.