Өзбекстанға қараған 2 ауыл Қазақстанға қосылды
Өзбекстанға қараған 2 ауыл Қазақстанға қосылды
212
оқылды
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Өзбекстанмен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды. Үкімет қаулысы Премьер-Министрдің сайтында жарияланды. Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылып, өңірдің аумағы 795,62 гектарға ұлғайды. "Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген қаулыда.