Головкиннің бокс қолғабы 55 миллион теңгеге сатылды
Головкиннің бокс қолғабы 55 миллион теңгеге сатылды
232
оқылды
Желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің видеосы пайда болды. Белгілі спортшы бокс қолғабын аукционға шығарды. Қайырымдылық кеші Алматыда өтті. Tengrinews.kz жазғандай,  аукцион Петропавлда балалар хирургиясы орталығын салу үшін ұйымдастырылған. Құрметті қонақтар арасында Геннадий Головкин болды. Аукционға қойылған заттардың ішінде GGG қолтаңбасы бар бокс қолғабы, Хабиб Нурмагомедовтің қолтаңбасы бар футболка, актриса Светлана Ходченкованың қолтаңбасы бар әйгілі зергерлік брендтің фотоальбомы, питон терісінен жасалған сөмке бар.
"Геннадий Головкиннің бокс қолғабы жоғары бағаланды. Оны сахнада "Сәби" қорына сыйға тартты. Баға 500 мыңнан басталып, рекордтық 55 миллион теңгеге дейін жетті. Хабиб Нурмагомедовтің қолтаңбасы бар футболка 16 миллион теңгеге сатылды", – деп хабарлады қордан.