10 отбасына пәтер кілті табысталды
10 отбасына пәтер кілті табысталды
121
оқылды

Қарағанды облысында Қа­зақ­стан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұқтаж жандарға он үйдің кілтін табыстады.

ҚМДБ баспасөз қызметі бір сәт­те 10 отбасы баспаналы болға­нын хабарлады. Қайырымдылық шарасы «Әнет баба» мешітінде өтті. Мұндай сауапты іс  «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында  жүзе­ге асқан. Игі шараға Қарағанды облы­сына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Ол Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық, көмек сұрап келгенге көмектесу екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінге дейін «Зекет және қайырым­дылық» қорының ұйымдас­тыруымен 400-ден аса пәтер бе­рілген. «Бұл – үлкен көрсеткіш. Осын­ша отбасына қуаныш сыйлап, үй-жайлы болуына ықпал еттік. Міне, бүгін осында келген мұқтаж отбасылар тағы да қуа­ныш­қа кенеледі. Біз үшін одан ас­қан бақыт жоқ», – деді ҚМДБ төрағасы. Баспаналы болғандар ара­сында көпбалалы отбасылар, ауыл имамы және өзге ұлт өкілі бар. Бұдан бөлек, өңірдің орталық мешітінде 150 мұқтаж отбасына азық-түлік салынған қораптар табысталды.

А. ЖОЛДАС