«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қалалық мониторинг тобының мүшелері «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығына барды.
«Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында жүргізілген мониторинг аталған мекемеде қолжетімділік бойынша біршама кемшілікті анықтады. Бұған дейін қызмет алушылар тарапынан тамақтану мәселесіне қатысты шағымдар түскен. Мекеме басшылығына ескерту жасалды. «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында 260-тан астам қарт және мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетіледі. Орталықтың қызметіне қараусыз қалған немесе үнемі күтімге мұқтаж адамдар жүгінеді. Аталған мәселелер мен ескертулерді жою және түзету бойынша жұмыстар партияның бақылауына алынады, сондай-ақ Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында қаралатын болады.Әбілмансұр ЖАСАН