Ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды

Ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды

Алматыда ірі көлемде мефедрон есірткісін сатқан ер адам ұсталды. Ол бүгінде уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жедел деректер бойынша, Қостанай облысының 30 жастағы тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарын тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген. «Осы уақыт аралығында ол курьерден сатушыға дейін көтерілген. Ер адам есірткі тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде одан 22 орам психотроптық заттарды тапты және тәркіледі. Күдікті осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» психотроптық заты екені анықталды», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

А.ЕРСҰЛТАН