Димаш туралы деректі фильм түсірілді
Димаш туралы деректі фильм түсірілді

Димаш Құдайбергенов туралы деректі фильм әншінің YouTube-каналында жарияланды. Деректі фильмде сирек кездесетін архивтік кадрлар мен Димашқа ән әлемінде тәлім берген педагогтердің пікірі бар.

Аталған фильмде әншінің өнер жолын жетік білетін жандар Ди­маш­тың алдында қандай қиын­дықтар туындағанын әңгімелейді. Ал әнші әр биікті бағындырғандағы жан толқынысын айтып береді. Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген 24 мамырда туған күнін атап өтті. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары әншіге тосынсый жасады. Мәселен, Қытайдағы жанкүйерлер зәулім ғимараттың бірінде Димаш туралы бейнеролик қойған.

А. АЙДАРҚЫЗЫ