«Алтыналмас» АҚ компаниялар тобы пандемияда жұмыскерлерді қолдауға бағытталған нысаналы бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда. Өз жұмыскерлерінің әл-ауқатына қамқорлық жасау және әлеуметтік жауапкершілікті ұстану – «Алтыналмас» АҚ (бұдан әрі – «Алтыналмас» немесе «Топ») компаниялар тобының басымдықтары болған және болып қала береді.
Пандемиямен күрес аясында ел басшылығы жаппай вакциналау бағдарламасына бастамашы болды. «Алтыналмас» басшылығы бұл бастаманы толық қолдайды және пандемияға қарсы күресте тек Топ жұмыскерлеріне ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де, кей жағдайда біздің қоғамның қалың бұқара топтарына да көмек көрсетуге дайын.
«Алтыналмастың» осы күрделі кезеңде Топ ұжымдарына қолдау көрсетуге және денсаулықты қорғауға бағытталған бағдарламалары өндірістік алаңдардағы жұмысшыларды вакциналаудан басқа барлық жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді, материалдық көмек төлеуді қамтиды.
Анықтама:
«Алтыналмас» Ақ – геологиялық барлау, тау-кен өндірісі мен алтын өңдеудің толық циклін қамтыған компания. Компанияның Қазақстан Республикасының төрт аймағында активтері бар: Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, «Ақсу» жобасы және Ақмола облысындағы «ҚАЗАҚАЛТЫН ТКМК» АҚ объектілері.
«Алтыналмас» АҚ Баспасөз қызметі