Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Белгісіз біреулер зираттағы 19 көктасқа аэрозоль бояуын шашып, шимайлап тастаған.
Полиция Қылмыстық кодекстің 294-бабы, яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр. Егер күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Сондай-ақ 40 тәулікке қамалуы да мүмкін.Бұған дейін ауыл іргесіндегі моланың үстіне дәмхана салмақ болғандар туралы жазған болатынбыз.