Мамандандырылған ХҚКО-лар уақытша жұмыс істемейді

Мамандандырылған ХҚКО-лар уақытша жұмыс істемейді

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

«ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер сағат 12.00-ге дейін жұмыс істемейді» делінген ресми хабарламада. Кешеден бері мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысында ақау кеше сағат 12.00-де басталған.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру бағдарламалары уақытша жұмыс істемей тұр.