Шатырдан қоқыс лақтырып, тұрғындардың мазасын алды.
Әлеуметтік желіде таралған видеода ер адамның жанармай құю бекетінің шатырының маңдайшасындағы компания логотипінің әріптерін адамдарға лақтырғаны көрінеді. Полиция ер адамды қамауға алды.«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Күдікті қамауға алынды. Оның ішімдік ішкені анықталды», – деді полицейлер.