Метеорологтардың айтуынша, 27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырда орталық және шығыс аймақтарда ауа райына Қара теңіз аймағынан келген антициклон ықпал етеді.
Оңтүстікте күн қатты ысиды. Оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.«Солтүстік ауа ағыны ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Батыста түнде 10-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік, орталық, шығыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 17-28 градусқа дейін ысиды. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстанда нөсер болады. Сондай-ақ қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер.