Жас түлектерде соңғы қоңыраудан кейін таңды бірге атыру дәстүрі бар. Олар таңның атуын ересек өмірдің бастауы деп түсінеді. Елордадағы №66 мектеп-лицейінің түлектері де дәстүрден танбай, мектеп бітіргеннен кейінгі алғашқы таңын қарсы алды.
Aikyn.kz тілшісі түлектермен бірге таңның атуын тамашалап, әңгімелесіп қайтты.