Қазақстан құрамасы Германияны жеңді
Қазақстан құрамасы Германияны жеңді
112
оқылды
Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды  Vesti.kz. 26 мамырда Юрий Михайлистің шәкірттері В тобының көшбасшысы Германия командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Немістер турнирде алғаш рет жеңіліске ұшырады. 27-минутта қазақстандық құраманың ардагері Александр Шин көзге түсті, оған Иван Степаненко мен Егор Шалапов ассистент болды. Бірақ содан кейін немістер екі шайба салды, алдымен 30-минутта, содан кейін 35-минутта. Екінші үзілістен кейін Павел Акользинге қарсы ереже бұзылып, ұлттық құрама капитаны Роман Старченко буллитті сәтті орындап, есепті теңестірді. Қазақстандықтар шешуші шайбаны үшінші кезеңнің соңында соқты. 56-минутта Алексей Маклюковтың пасынан кейін Акользин көзге түсті. Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің аяқталуына дейін тағы үш матч өткізеді - 28 мамырда Канадамен, 29 мамырда Италиямен және 31 мамырда Норвегиямен. Плей-оффқа төрт үздік команда шығады.