Мәслихат депутаты өз қаражатына жол салды
Мәслихат депутаты өз қаражатына жол салды
129
оқылды
Шымкент қаласы, Қаратау аудандық партия филиалына 2021 жылдың  2 сәуір  күні, Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы Ю.Сареми көшесінің тұрғындары 1 км. жерге (халық саны – 350 адам) тас төсеу керек екенін айтып, Қаратау аудандық партия филиалына көмек сұрап келген.  Тұрғындар  мәселесіне байланысты Шымкент қаласы, «Nur Otan» партиясы Қаратау  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты  Лазиз Низамханұлының қоғамдық қабылдауына жазып, мәселені шешу жолын қарастырды. Нәтижесінде, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Лазиз Низамханұлы өз қаражаты есебінен көмек көрсететінін айтты. Осылайша, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Лазиз Низамханұлы өз қаражаты есебінен Сайрам тұрғын алабы Ю.Сареми көшесінің аяқ жағындағы 1 км. жерге шағал тас төсеп берді. жол