Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті хабарлады.
«25 мамыр күні сағат 18:10-да Сәтбаев көшесі, 245-үйдің ауласынан 21 жастағы Павлодар тұрғынының мәйіті табылды. Ол өзіне-өзі қол салған. Ер адам 11-қабаттағы балконнан секіріп кеткен», – дейді полицейлер.
Облыстық балаларға арналған психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Тергеу басталды.