Минск әуежайында жолаушылар сандалып жүр
Минск әуежайында жолаушылар сандалып жүр
181
оқылды

Арасында жазғы еңбек демалысын шетелде өткізуді бұрыннан жоспарлаған азаматтар да көп, – деп жазады 24.kz. Осының алдында ЕуроОдақ Барселонаға баруы тиіс болған чартерді қабылдаудан бас тартты.

Ұшақ кәрі құрлық аспанына өте алмай бірнеше сағат бойы ұшып жүрген. Диспетчерлер қанша өтінсе де, Францияның ұсынысы бойынша Польша әуе кеңістігін ашпай қойды. Бұған дейін Ұлыбритания, Швеция, Польша, Нидерланд, Германия, Австрия, Сигнапур және басқа да елдер Беларусь әуе компаниясының рейстерін қабылдамай, әуе байланысын үзді. Халықаралық қауымдастықтың ресми Минскіге қарсы шығуына Афинадан Вильнюске бара жатқан ұшақты күштеп жерге қондыруы себеп болды. Лукашенконың жеке нұсқауы бойынша, әуеге жойғыш ұшақ та көтерілген. Ресми мәліметке сәйкес, «Боингте» бомба болған, бірақ кейін ол ақпарат расталмады. Алайда Беларусь барлау қызметі сол рейсте болған Лукашенконың саясатын ашық сынап жүрген белгілі журналист, танымал телеграм каналдардың редакторы Роман Протасевичті қамауға алды.

«Белавиа» әуе компаниясының бас директоры Игорь Чергинец: «Біздің экипаж бен диспетчерлер француз диспетчерлерімен байланысқа шығып: «Қандай себеп бар? Бізде бәрі дұрыс. 13:30-да ұшып шықтық қой» деді. Олар «Бізге Франция жоғары басшылығынан «Белавиа»-ны Францияның әуе кеңістігіне жібермеңіздер деген телефон қоңырауы түсті» деп жауап берді», – деді.

Бұған дейін Air Astana Алматыдан Минскке ұшатын әуе рейстерін тоқтатқан болатын.