«Вагонның астынан өтуден басқа амал жоқ» – екі бала токқа түсті
«Вагонның астынан өтуден басқа амал жоқ» – екі бала токқа түсті
176
оқылды

Полицияның мәліметінше, оқиға Федоровка ауданындағы теміржолда болған. Жасөспірімдер теміржолды кесіп өтпек болған.

Сол кезде теміржолда жүк пойызы тұрған. Олар бір жолды кесіп өткеннен кейін, екіншісінде вагонның астынан өтпек болған. Сол сәтте екеуін де ток ұрады. Олардың бірі есінен танып қалған, ал екіншісі көмек шақырған.

Есінен танған бала Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Ол комаға түскен. Екінші бала емханадан үйіне шығарылған.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет «Большая Михайловка» станциясында жаяу жүргіншілер өткелін салуды сұраған. Бірақ нәтиже жоқ.

Осындай оқиға бірнеше рет болса да, тұрғындар вагондардың астынан немесе жолды айналып өтуге мәжбүр.