Мамандандырылған ХҚКО-лар қайта жұмыс істей бастады
Мамандандырылған ХҚКО-лар қайта жұмыс істей бастады
119
оқылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  хабарлады.

Екі күн бұрын 25 мамырда ІІМ ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер тоқтады. Бүгіннен бастап барлық мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы Әділ Қожихов: «Әріптестеріміз жүйедегі ақауларды жойды. Ішкі істер министрлігі мамандары мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Біз жиналған барлық өтінімді жедел пысықтауға тырысамыз. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін тағы да кешірім сұраймыз», – деді.