Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды
Арал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Арал ауданына Серік Сермағамбетов әкім болып тағайындалды. Арал ауданында өткен жиында облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ауданның жаңа әкімін таныстырды.

Серік Сермағамбетов 1965 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылық институты экономист, Гумилев атындағы Евразия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисі болып бастаған. 1991-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында аға инспектор, Қызылорда қаласы әкімінің қаржы шаруашылық басқармасының бастығы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Жалағаш ауданының әкімі, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы болды.