Mad MEN-нің мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айып тағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы бір ай бұрын есірткі тасымалдаған топты ұстады. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.Күдіктілерге ҚК-нің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігіне сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылуда. Күдіктілер қамауда отыр.«Күдікті Х. Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Ол бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Күдікті Х-мен оның «көмекшілерінің» қылмыстық әрекеті әшкере болды. Оның әр көмекшісінің рөлі нақтыланған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресейден синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауапты болған. Олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер тапсырысты қабылдайды. Есірткіні таратушыларға жауап берген. Одан бөлек, есірткіні таратушы төрт адам қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Бұған дейін әншілердің есірткімен ұсталған сәттегі видеоны жариялаған болатынбыз.