QazVac вакцинасы сыналуы тиіс маймылдар Отарға барар жолда не себепті қашып кеткен?
QazVac вакцинасы сыналуы тиіс маймылдар Отарға барар жолда не себепті қашып кеткен?

Институттың мәліметінше, былтыр шілдеде мемлекеттік сатып алу келісіміне сәйкес, компания зертханаға 6 маймылды жеткізуі тиіс болған.

«Алайда, жеткізуші шарттың орындалу кезеңінде тек екі маймылды әкелді. Шарт бойынша қалған төрт маймыл жеткізілмеді. Олар әртүрлі себептерге сілтеп, тасымалдау кезінде олардың жоғалып кеткенін айтты. Міндеттемені уақытында орындамау салдарынан шарт бұзылды. Бұл ретте мемлекетке және институтқа қаржылық залал келген жоқ», – деді БҚПҒЗИ өкілі.

Институт Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округінің Гвардейский кентінде орналасқан.