Қызылордада 12 жастағы ұл бала жоғалып кетті
Қызылордада 12 жастағы ұл бала жоғалып кетті
169
оқылды
Қызылорда қаласында 12 жастағы ұл бала жоғалып кетті, деп хабарлайды қалалық Полиция басқармасы. 2009 жылдың 8 мамырында дүниеге келген Бектураз Сазаков бүгін, 27 мамырда түнгі 02.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы аталған жеткіншекке іздеу салады. Оның ерекше белгілері: бойы - 110-115 см., арық денелі, қара торы, шашы қара, бетінде қалы бар. Үстіне жасыл түсті футболка, қара ала түсті шорты, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Кәмелет жасына толмаған бала туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.