Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ер азаматтар неге ақ түске құмар?

Анар Қоныс Анар Қоныс
Мамыр 27, 2021
949
қаралым

 «Лондон – Алматы» сақтандыру компаниясы ер азаматтардан «көлік сатып аларда неге мән беретінін», «қандай түсті ұнататынын», «көлік аларда оның түсіне мән бере ме, ол қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Зерттеуге Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының 20 мен 60 жас аралығындағы көлік иелері қатысты.

Нәтижесінде, қазақстандықтардың 42 пайызы көліктің техникалық жағдайына емес, түсіне қарап алатыны анықталды. Егер ер-азаматтар автокөлікті салоннан алса, таңдау түске түседі.  Ең өтімді түстер: ақ, сұр, қара. Оның ішінде ер-азаматтардың 27,3 пайызы ақ түсті көлікке құмар. Негізі, ақ түсті ұнатқан жүргізушілер ең алдымен қауіпсіздікке ден салады. Олардың сөзінше, ақ түс бірден көзге түседі. Соның арқасында жол-көлік апатына түсудің алдын алады. Сондықтан болар, мұндай түстің көлік иелері – ұқыпты, тиянақты, тәртіпті сақтап, жол ережесін бұзбайтын жүргізушілер.

Алайда, мамандардың айтуынша, көзге түсетін бірден-бір түс – сұр. Яғни, сұр немесе сұрғылт түсті көліктерді жауын жауып, тұманды күндері бірден байқауға болады. Оның үстіне, мұндай көліктер кір көтереді. Сол үшін де бұл түсті ұнататындар – қолданысқа қолайлы, ыңғайлы дүниеге жақын.

Ал қара түсті көліктің иелері – өздеріне өте сенімді жандар. Содан болар, бұл жүргізушілер біреудің сөзіне құлақ аспайды. Сол сияқты, бұл жол ережесін сақтамай, арасында жылдамдықты қосып, басып озғанды жақсы көреді. Бірақ, мамандардың пікірінше, қара түсті көліктің әр бесіншісі жол апатына түседі. Оған қоса, мұндай түсті көліктерді қараңғы түнде байқау да қиын.

Сауалнама жүргізілгеннің тек 31 пайызы жеңіл көліктің түсіне емес, оның жағдайына мән береді.

Тегтер: ақер азаматтаркөлікқызылсалонсұр

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентке қатысты мәлімдеме жасады

Доллар бағамы 1,34 теңгеге қымбаттады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мәлімдеме жасады

Украинаның қарулы күштері Ресейдің шекарасына жетті (ВИДЕО)

Интернеті жоқ ауылдар әлі де көп

Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті

Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»